Өскемен телестудиясы ресми түрде 1958 жылы 16 наурызда ашылды. 1959 жылдан киноөндірісі құрыла бастады. 1980 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телестудиясының кинооператорлары Мәскеу Олимпиадасын түсіруге қатысты. 1980 жылы әкімшілік-техникалық корпусқа қосымша жаңа ғимарат іске қосылды. 1981 жылы «Перспектива» түрлі-түсті телевизиялық аппараттық және жаңа телепроекциялық блоктар орнатылып, пайдалануға берілді. 1988 жылы жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) ғимараты салынды және «Магнолия 83-А» жылжымалы телевизиялық станциясы пайдалануға берілді.
2003-2006 жылдар аралығында техникалық толық жарақтандырылды. Студия компьютерлермен жабдықталып, хабар тарату сандық жүйеге ауыстырылды. Студияның техникалық жетілдірілуі одан әрі жалғасуда. 2009 жылы жаңа жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) корпорация күшімен пайдалануға берілді.