Бүгін: Жексенбі, қарашаның 23, 2014ж., 22:52  
kaz | rus
Мұрағат
      Кейінгі жыл
Қараша 2014
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Ауа райы
25.12.2010 ж.
Алматы
ауа райыКүндіз: 0+2
Түнде: -6-8

Астана
ауа райыКүндіз: -17-19
Түнде: -20-22
17.10.2010 20:30

«Балапан» бағдарламасының орындалуы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші - білім мен ғылым. Яғни балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен қамтамасыз етуден бастап, сауат ашып хат тануына, іргелі білім алуына, талабы болса ғылыммен айналысуына жағдай жасау мемлекет үшін жауапкершілік жүгі. Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында білім саласына баса мән берілуінің себебі де осында. Биылғы жолдауында Президент мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуді басым бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылы «Балапан» бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды жүктеді. Республикамызда әрқайсысы 280 орындық 800 балабақша салу жоспарланды. Балапан бағдарламасын іске асыру үшін биыл бюджеттен 96 миллиард теңге бөлінген. Уақыт өтіп жатыр. Балапанды күзде санайды дегендей жергілікті атқарушы билік - Балапан бағдарламасы бойынша есеп беретін кезі де алыс емес. Алматы қаласы мен Алматы облысындағы орындалған істермен журналист Есболат Айдабосын танысып қайтқан болатын.

ГРАФИКА:

1990-жылы республикамызда 8880 балабақша болған. 2000-шы жылы олардың саны 1144-ке түсіп қалды.Он жыл ішінде 7736-балабақша жабылды.

Жекешелендіру науқанының нақты жемісі осы. Оңтайландырамыз деп оңбай ұтылдық. Балабақшаларды ақшаға саттық, сөйтіп құлдыраңдаған сәбилерге арналған ғимараттарға құлпы салдық. Кейбірін бұздық,қираттық. Қысқасын айтқанда мектепке дейін тәрбие беру саласын құлдыратып тындық. Тоқырау дейміз, өтпелі кезең дейміз әйтеуір өзімізді-өзіміз ақтауға бейімбіз. Бірақ осы бір аралықта балабақшаның не екенін білмей өскен балдырғандардың алдында не дейміз?

ГРАФИКА:

2009-жылдың 1-шiлдесiндегі дерек: Қазақстанда 3 888 мектепке дейiнгi ұйым болды. Оның 2 057-сi шағын орталық, 1 831-i балабақша. Балабақшаның 205-i жекеменшiк. Балабақшаға орналасу үшiн 240 мың бүлдiршiн кезекте тұр.

Былтыр 240 мың балдырған балабақша кезегінде тұрса биыл одан да көбейді. Тамыз айындағы мәлімет бойынша 260 мыңға жеткен. Бұл көрсеткішке бір шетінен қуанамыз, бір шетінен мұңаямыз. Қунатынымыз демографиялық дүмпу басталды. Сәбилер саны өсіп келеді. Мұңаятынымыз 2 жасында балабақшаға қабылдануы тиіс бүлдіршіндерді кемінде 2-3 жыл күттіріп қоямыз.

Алысқа ұзамай-ақ Алматыдан аз-кем мысал. Кеңес үкіметі тұсында бұл шахарда 350 балабақша жұмыс істеген еді, қазір қалғаны 182. Ал кезекте тұрған балақайлардың саны 20 мыңнан асады. Қазір қала әкімдігі осы мәселені реттеу үшін кешенді бағдарлама қабылдады. Ол бойынша жаңа балабақша салу, жекешелендіруге түсіп кеткен бөбекжайларды қайтару және мектептердің жанынан шағын орталықтар ашу көзделген. Осыған дейін 24-жекеменшік мектепте 36 шағын орталық ашылды. Ал соңғы бір жылда 7 мемлекеттік балабақша салынды.

Серік Сейдуманов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Биыл жоспарымызда 15 жекеменшік балабақша ашу жоспарымыз бар еді. Бүгінгі күнде 16 аштық. Яғни жоспарды артығымен орындадық. Тағыда бар ғой 2-3 лицензия берген балабақшалар бар, соларды қараймыз да оларды ашамыз.

Алып шахар Алматыда20 мың бала кезекте тұрса Алматы облысында да осыған жетеғабыл. 18 мың. Тағы да өткенге зер салсақ, заманында облыста 800 дей балабақша болған екен. Соның 90 пайызы жекешеленіп кеткен. Бір жақсысы Жетісу жерінде балабақшаларды қайтару «Балапан» бағдарламасы басталмай тұрып қолға алыныпты. 2005 пен 2009 жыл аралығында 23 балабақша қайтарылса, «Балапан» бағдарламасы аясында 43 орталық мемлекет меншігіне өтті. Осылайша облыс әкімдігі сұраныстың 26 пайызын қанағаттандыруға қол жеткізді.

Ләззәт Базарқұлова, Алматы облыстық білім басқармасының бастығы

Балабақшаны қайтарғаннан кәсіпкердің өзі сол балабақшаны жекеменшік ретінде ашып біз соған мемлекеттік тапсырыс бергеніміз негізі экономикалық тиімді болып тұр. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Қазірдің өзінде балабақша бизнесіне қаржы салғысы келетіндер табылып жатыр. Талдықорған қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасы осындай жолмен ашылды. Дәл қазір мұнда 150 балғын тәрбиеленіп жатыр. Әртүрлі ұлттан құралған. Ал тәрбие таза қазақы.

Әлия Арғынбаева, Талдықорған қалалық «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі

Жаңа көрдеңіздер мемлекеттік гимнді айтып жатыр, тақтапқтар жаттап жатыр.

Қазақ тілін бірте бірте үйреніп жатыр. Бұған ата анадар қолдау көрсетпесе ешқандай ренжіп жатқан жоқ.

Шу:

Бұрын сауна Рахат болған ол айына маған 3 млн кіріс беріп отырған. Көлік жуу айына 1,5 млн доход беріп отырған. Сонда осы кешен маған 5 млн беріп отырған. Соған қарамай балабақшаға аудардым. Ол ақшаның ешкім түбіне жеткен емес қой. Бала біздің болашағымыз.

Саржан Ержұманов ерледі. Талдықорған қаласынан екі бірдей балабақша ашуға тәуекел етіп отыр. Бірі 425 екіншісі 380 орындық бұл ғимараттарды кезінде жекешелендіріп алған. Біраз жыл пайдасын көрді, енді балалардың игілігіне қайта тапсырмақ.

Саржан балабақшаны бизнес көзі деп санамайды. Дегенмен шығынның қайтарымы боларына сенімді. Қазірде қос ғимаратта да жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұйыртса қара жерге қар түспей қаракөздерді қабылдай бастайды.

Есболат Айдабосын, тілші

Кеңес үкіметі кезінде Талдықорған қаласында 53 балабақша болған екен. Соның бір-екеуі ғана жекешелендіру науқанынан аман қалды. Қалғанының бәрі ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетті. 152 мың тұрғыны бар шахарда қазір небәрі 13 балабақша жұмыс істеп тұр.Ал жекенің меншігіне өтіп кеткен мынау секілді балалар орталығының кейбірі қаңырап бос тұрса, енді бірі табыстың көзіне айналған.

Шу:

Міне бәрі тұр, есікте тұр, бәрі тұр, түгел. Тура балаларға арналып салынған.

Терезені сығалап жүрген кім демеңіздер, Талдықорғанның іргесіндегі Мұқыры ауылының әкімі Барлыбек Байтаев деген кісі бұл. Ал мынаубұрынғы балабақша. 140 орындық ғимарат жекешеге өткенмен мұрты бұзылмай сақталып келді. Сақталғаны бар болсын қожайыны балалардың игілігіне бермей қойды. 15 млн теңгеге сатамын деп саудаласып отырып алған. Ақыры ауылдағы басқа кәсіпкер өз иелігіндегі бұрынғы кеңсе ғимаратын су тегін беріпті. Қазір облыстан ақша бөлініп осы ғимарат жөнделіп жатыр. Бірер айда ашылуы болады.

Барлыбек Байтаев, Мұқыры ауылының әкімі

Бұл енді балабақша 50 адамдық орын бұл бізге аздық жасап жатыр. Бізде балабақшаға берілетін бала 59 болып отыр.

«Балапан» бағдарламасының басты мақсаты жалғыз. Балабақшаға деген кезекті жою. Бұйыртса 2020 жылы бұл мәселе түбегейлі шешілуі тиіс. Қазір елімізде 6 мыңға жуық мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеп жатыр. Олар сұраныстың әзірге 40% қанағаттандырып отыр. Демек Балапан бағдарламасының арқасында балабақшаға баратын ұл-қыздардың саны 400 мыңнан асты. Әлі 260 мыңдайы кезек күтіп тұр.

Есболат Айдабосын 


Көрсетілім саны: 5093
Негізгі жаңалықтар:
Апта-KZ